Құрлықтық доданың дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады.
2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында ХХ Жазғы Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Құрлықтық доданың дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады.
Қазақстан дзюдо құрамасының бапкерлер кеңесі Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың соңғы тізімін жариялады.
Ерлер құрамасы:
60 кг – Елдос Сметов
66 кг – Ғұсман Қырғызбаев
73 кг – Бақытжан Абдурахманов
81 кг – Алмат Әділет
90 кг – Айдар Арапов
100 кг – Марат Байкамуров
+100 кг – Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер құрамасы:
48 кг – Әбиба Абужақынова
52 кг – Меруерт Сәрсенова
57 кг – Дана Әбдірова
63 кг – Эсмигүл Куюлова
70 кг – Ажар Асхат
78 кг – Екатерина Токарева
+78 кг – Аида Тойшыбекова
Биылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тәжірибелі спортшылар мен болашағынан зор үміт күттіретін жас балуандардың үйлесіміне сенім артып отыр.
Құрама көшбасшыларының қатарында Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен аталған ойындардың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бар. Екеуі де Азия ойындарында Қазақстан қоржынына жүлде салуға басты үміткерлердің бірі саналады.