$ 465.74  531.08  5.92

«Челси» Дастан Сәтбаевқа қатысты шешім қабылдады

Сәтбаев «Челсидің» Австралия мен Азия турына аттанады

Фото: ФК Челси
Фото: ФК Челси

Лондонның «Челси» клубы маусымалды дайындық аясындағы турға қатысатын футболшылардың тізімін жариялады. Қорытынды құрамға Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев та енді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Клубтың ресми әлеуметтік желілерінде жарияланған тізімге сәйкес, «Челси» алдағы тур барысында Австралия мен Азияда бірнеше жолдастық матч өткізеді. Лондондықтар «Вестерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм», «Ювентус», «Милан» және «Джохор Дарул Тазим» командаларымен кездеседі.

Еске салсақ, Дастан Сәтбаев тамыз айында кәмелет жасына толған соң ресми түрде «Челсидің» ойыншысы атанады.

Клубтың бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық шабуылшының командадағы болашағына қатысты түпкілікті шешімді маусымалды дайындық қорытындысы бойынша қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Челси #Дастан