$ 465.74  531.08  5.92

«Тобыл» Еурокубок матчында таразы басын теңестірді

Матч Литвада өтті.

Фото: ФК Тобыл
Фото: ФК Тобыл

Конференция лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымында Қостанайдың «Тобылы» литвалық «Паневежиспен» кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Матч Литвада өтті. Алаң иелері 45-минутта гол соғып, жанкүйерлерін бір қуантқан. Алайда, 84-минутта «Тобыл» сапынан Неманья Чавнич көзге түсіп, таразы басын теңестіріп кетті.

Айта кету керек, қостанайлық клубтың жеңіске жететін мүмкіндігі болды. 60-минутта төреші «Паневежис» ойыншысы өз айып алаңында дөрекі ойнап, төреші пенальти белгілеген. Алайда, команда капитаны Асхат Тағыберген 11 метрлік айып добын голға айналдыра алмады.

Енді қарымта матч 30 шілдеде Қостанайда өтеді. Жеңіске жеткен команда «Партизан» (Сербия) – УНА (Люксембург) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0