$ 469.83  536.83  5.97

Елена Рыбакина беделді турнирге қатыспақ

11-23 тамыз аралығында өтетін жарыс маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирі – US Open қарсаңындағы ең маңызды дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

Фото: WTA
Фото: WTA

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

11-23 тамыз аралығында өтетін жарыс маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирі – US Open қарсаңындағы ең маңызды дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

Турнирге қатысушылардың ресми тізімінде Елена Рыбакинаның есімі де бар. Сонымен қатар жарыста әлемнің жетекші теннисшілері Арина Соболенко, Ига Швёнтек, Коко Гауфф, Джессика Пегула, Мирра Андреева және Наоми Осака да өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Цинциннатидегі әйелдер арасындағы турнирдің қазіргі чемпионы – польшалық Ига Швёнтек. Ол өткен жылғы финалда италиялық Жасмин Паолиниді жеңіп, чемпиондық атақты жеңіп алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0