$ 477.11  545.58  6.2

«Жасың келді»: Назым Қызайбай туыстары өзінің әбден мазасын алғанын айтты

Боксқа келгеніне 17 жыл болған Назым Қызайбай, әлі күнге өзіне сай жігітті жолықтырмағанын айтты.

Фото: boxing federation
Фото: boxing federation

Бокстан әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай кәсіби спорттағы басты қарсыласын атады. Әлемдік аренаға шығу жолында басты қарсыласы болған спортшының жасы өзінен үлкен болған.  Чемпион кезінде ол қыздан ұтылып, жолы болмаған сәттерін де атады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Боксқа келгеніне 17 жыл болған Назым Қызайбай, әлі күнге өзіне сай жігітті жолықтырмағанын айтты. Отбасын құру туралы пікір білдірген спортшы, жігіттердің жалтақ, уәдесінде тұра алмайтынына, сүйген қызы үшін тәуекелге бара алмайтынына да қынжылыс білдірді.

«Жасым 33-ке келді,    әлі жігітімді кездестірмедім, жазған кей жігіттерді интернеттен ақ қарап біле салам да, қоя қой деймін, сырты мен сөзі жылтырақ. Сөзіне берік, сен үшін жанын салатын адам дұрыс қой. Отбасын құруды анда-санда ғана ойлап қалам. Ата-ана, туыстар, жалпы қазақтардың сөзі бітпейді ғой, "жасың келді, қашан күйеуге шығасың?"  деген. Уақыты келер, махаббатыңды жолықтырғанда ештеңеге қарамау керек, отбасын құру жасқа қарамайды деп ойлаймын, мен көбінесе карьера жағын ойладым»,  — деді спортшы. 

OylaPodcast ютуб арнасына берген сұхбатында, ол шетелдіктер мен қазақтардың тойын да салыстырды. Чемпион діни тыйымдарға да қатысты пікір білдірді. Айтуынша, дәстүрге қатысты тыймдарды қабылдай алмайды. 

«Түріктермен бірге жаттығамыз, олар бізге күледі, сендерде тойға кетіп қалу көп деп. Олардың тойын да бардық, біздегідей емес, реттелген. Екі жүз, үш жүз адам келеді, су, бірнеше шекер секілді ұлттық тағамдарын қояды, болды. Біздегідей аста—төк дастархан, артық шығын, бітпес қалың қажетсіз заттарды алу, шашылу жоқ. Жастарға алтын немесе ақша береді, бірнеше сағат билейді, тарқасады. Бізде кредитке кіріп, бәсекелесіп, артық шығындалады. Олар керісінше үйленген екі адамның үй алуына көмектеседі», — деді спортшы. 

Ол өзінің басты қарсыласы болған қызды да атады. Кезінде бәсекелес болған споршы бүгінде сыраласы. 

«Ең көп бокстасқаным Жайна Шекербекова. Қанша рет, кемінде жеті  рет жарыста жекпе жек өткіздім онымен, ол 1989 жылғы, мықты спортшы, еңбекқор. Басында одан жеңіліп те жүрдім. Бірақ өмірде оны өзіме жау санамадым, сыйлаймын. Кейбір адамдар  рингтің сыртында да ренжісіп кетеді. Менде ондай жоқ, құрметтеймін, еңбекқор», — деді Назым Қызайбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0