$ 477.11  545.58  6.2

Асу Алмабаев UFC рейтингінде үздік бестікке енді

Асу Алмабаевтың аралас жекпе-жектегі рекорды – 24 жеңіс және 3 жеңіліс.

Фото: Chris Unger/Getty Images
Фото: Chris Unger/Getty Images

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев ұйымның жаңартылған жеңіл салмақ (flyweight) рейтингінде бесінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Бакуде өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Чарльз Джонсонды жеңген Алмабаев рейтингте бір саты жоғарылап, жапониялық Киоджи Хоригучиден озып шықты. Нәтижесінде қазақстандық файтер дивизионның үздік бестігіне енді.

Қазіргі таңда UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінің алғашқы бестігі мынадай:

  • Чемпион – Джошуа Ван;
  • Алешандре Пантожа;
  • Манель Капе;
  • Брэндон Ройвал;
  • Тацуро Таира;
  • Асу Алмабаев.

Еске салайық, UFC 329 турнирінен кейін рейтингтің төртінші нөмірі Брэндон Ройвал Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырған болатын. Қазақстандық спортшы бұл ұсынысқа әлеуметтік желі арқылы келісімін білдірді.

Айта кетейік, Асу Алмабаевтың аралас жекпе-жектегі рекорды – 24 жеңіс және 3 жеңіліс.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0