Енді жартылай финалда Франция құрамасы Испания - Бельгия арасындағы ойында жеңімпаз атанған командамен кездеседі.
Франция құрамасы футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Франция құрамасы сапында Килиан Мбаппе мен Усман Дембеле мергендік танытты.
Айта кетейік, матчтың алғашқы таймында Мбаппе пенальтиден гол соға алмады. Ал кездесудің 77-минутында жарақатына байланысты алаңдағы орынын басқа ойыншыға ауыстыруды сұрады.
Енді жартылай финалда Франция құрамасы Испания - Бельгия арасындағы ойында жеңімпаз атанған командамен кездеседі.