$ 485.55  563.38  6.81

Кәсіпқой бокс: Иван Дычконың кезекті қарсыласы анықталды

Олимпиада ойындарының екі дүркін жұлдегері Иван Дычко маусым айында кәсіпқой реингке қайта оралады.

Фото: ivandychko
Фото: ivandychko

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы UFC басшысы Дана Уайт негізін қалаған Zuffa Boxing лигасында алғашқы жекпе-жегін өткізуге мүмкіндік алып отыр.

Кәсіпқой бокс кеші 6 маусым күні Англияның Bournemouth International Centre кешенінде өтеді. Отандасымыздың қарсыласы – жергілікті боксшы Харви Дайкс.

Айта кетерлігі, 35 жастағы Иван Дычко соңғы рет шаршы алаңда өткен жылы 13 қыркүйек америкалық боксшы Джермейн Франклинмен бокстасып, ұпай айырмашылығымен жеңіліп қалған болатын.

30 жастағы Харви Дайкс кәсіпқой мансабында 7 жекпе-жек өткізіп, ешқайсысында жеңіліп көрмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0