$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

«Қыздар жабысып жатты»: Мейрамбек Бесбаевтың әйелі әншімен қалай танысқанын айтты (ВИДЕО)

Сонымен қатар ол МузАРТ тобын 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Махаббат күйеуімен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның сөзінше, екеуінің танысқанына 24 жыл болған. Бір қызығы, болашақ жарына алғашында аса қызығушылық танытпауы олардың таныстығына себеп болған.

«Республика сарайында таныстық. Олар концерт беріп болды. Қыздар суретке түсеміз деп жүгіріп барып, жабысып жатты. Мен болсам: “Кім, неге жүгірді?” – деп қарап тұрмын. Сол кезде Мейрамбек мені байқап қалған. “Ана қыз неге суретке түсуге келмей тұр? Шақырыңдар”, – деді. Таныстығымыз солай басталды», – деді әншінің жары Махаббат Бесбаева. 

Сонымен қатар ол МузАРТ тобын 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0