$ 485.55  563.38  6.81

Михаил Шайдоров даулы сұхбатынан кейін мәлімдеме жасады

«Ал ақпан айынан бері менің тіпті дәрігерім де жоқ».

фото: olympic.kz
фото: olympic.kz

Михаил Шайдоров сұхбаттан кейінгі дау аясында жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы sports.kz жазды. 

Жанкүйерлердің қолдауы туралы

«Барлық қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, бейжай қарамағандары үшін, әлеуметтік желілердегі көптеген жазбалар, жылы лебіздер мен тілектерге толы жеке хабарламалар үшін алғыс айтқым келеді... Жалған ақпарат ағынына ермегендеріңіз үшін рақмет».

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағы туралы

«...бүгінгі күнге дейін маған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері куәлігі тапсырылған жоқ. Бұл нормативті мен 2025 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған кезде орындаған болатынмын. Қажетті рәсімдердің барлығынан өттім, бірақ куәлікті әлі алған жоқпын».

Сыйақы мен өмір бойғы төлемдер туралы

«Олимпиада ойындарындағы жүлде үшін берілетін сыйақыға қатысты айтар болсам, бұл рәсімнің уақыт талап ететінін білемін және осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанына сенімдімін. Бұл мәселеге қатысты менің ешқандай сұрағым жоқ».

«Өмір бойғы төлемдерге келсек... Мен бұл төлемдерді тек 20 жыл еңбек өтіліне жеткенде ғана ала аламын. Ал қазір мен небәрі 21 жастамын».

Жалақы қарызы мен дәрігердің жоқтығы туралы

«...төлемдер кешіктіріліп жатыр, себебі Спортты қолдау қоры қаржыландыруға берілген өтінімді қарастыруда. Сондықтан мен де, командам да соңғы 5 ай бойы жалақы алған жоқпыз».

«Ал ақпан айынан бері менің тіпті дәрігерім де жоқ».

Жаңа келісімшарттағы мәселелер туралы

«2026 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартта 2030 жылғы Олимпиадада медаль жеңіп алу міндеттемесі көрсетілген. Біз командамызбен бірге тек заңдық тұрғыдан осы тармақты қайта қарауды сұрадық. Себебі бұл қисынсыз әрі мүмкін емес нәрсе — мен 2026 жылы тек 4 жылдан кейін өтетін Олимпиадада жеңіске жете алмаймын».

Жаңа маусымға дайындықтың ескерусіз қалуы туралы

«Бір ай бойы жаңа маусымға дайындық мәселесі бойынша қойған сұрағымыз елеусіз қалды... Бүгінге дейін нақты жауап та, жаттығу жиындарын ұйымдастыру да болған жоқ. Ал ұшуға бір апта ғана қалды».

«Маған сеніңіздер, егер осы уақытқа дейін Олимпиада алтыны үшін берілетін сыйақыны алған болсам, дайындық жұмыстарын өз қаражатыммен ұйымдастырып, бұл мәселелерді жария түрде көтермес едім».

Жалақы қарызын қайырымдылыққа аудару туралы шешімі

«Егер маусымға қажетті қаржыландыру, соның ішінде барлық дайындық пен жаттығу жиындарына қолдау көрсетілсе, төленбей қалған жалақымның барлығын Балаларды қорғау күніне орай балаларға көмек көрсетуге және қолдауға бағыттаймын деп шештім».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0