Бұл — Роналдудың «Әл Насыр» сапындағы алғашқы ірі чемпиондығы.
Cristiano Ronaldo өнер көрсететін Al Nassr FC Сауд Арабиясы чемпионатында тарихи жеңіске жетті. Команда соңғы турда «Дамакты» 4:1 есебімен ұтып, ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кездесудің басты қаһарманы Роналду болды. 41 жастағы шабуылшы дубль авторы атанып, командасын чемпиондыққа бастады. Португалиялық жұлдыздың алғашқы голы айып соққысынан соғылса, екіншісін жақын қашықтықтан дәл бағыттады. Сондай-ақ матчта Садио Мане мен Кингсли Коман да мергендік танытты.
Бұл — Роналдудың «Әл Насыр» сапындағы алғашқы ірі чемпиондығы. Ол клубқа 2023 жылы ауысқаннан бері бірнеше рет финалда жеңіліп, трофейге жете алмай жүрген еді. Жақында ғана команда Азия чемпиондар лигасы-2 турнирінің финалында жапониялық «Гамба Осакадан» ұтылып қалған болатын.
Биылғы маусымда Роналду жоғары нәтижелілігін тағы дәлелдеді. Ол чемпионатта 28 гол соғып, команданың негізгі көшбасшысына айналды. Жалпы «Әл Насыр» сапында 120-дан аса голдың авторы атанып үлгерді.
Жеңістен кейін Роналду көз жасына ерік беріп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Осылайша ол мансабында Англия, Испания, Италия және Сауд Арабиясы чемпионаттарын жеңген санаулы футболшылар қатарына енді.