14.05.2026, 15:00

Роналду: Чемпиондық арманға жетуге бір қадам қалды

Фото: AP pic

Роналду кездесудің 83-минутында ауыстырылды.

Португалиялық шабуылшы, «Әл-Наср» клубының капитаны Криштиану Роналду Сауд Арабиясы Про-лигасының 32-туры аясында «Әл-Хиляльмен» өткен матчтағы (1:1) тең нәтижеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл ойында жеңіске жеткен жағдайда Жорже Жезуш баптайтын команда мерзімінен бұрын чемпион атанар еді. Роналду кездесудің 83-минутында ауыстырылды.

«Арманға жетуге аз қалды. Бастарыңызды түсірмеңіздер, бізге тағы бір қадам жасау ғана қалды! Бүгінгі керемет қолдауларыңыз үшін баршаңызға рақмет!» – деп жазды Роналду X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Қазір «Әл-Наср» 33 матчтан кейін 83 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Команда маусым аяқталғанға дейін тағы бір ойын өткізеді.

Ал «Әл-Хиляль» 32 кездесуде 78 ұпай еншілеп, екінші орында келеді. Оларға маусым соңына дейін тағы екі матч қалды.