11.05.2026, 17:30

«Кеңес бермей-ақ қойыңыздар»: Бибісара Асаубаева кіммен кездесетінін өзі білетінін айтты

Фото: telegram

Оның айтуынша, үміткерлер турнирінен кейін жазылушылар саны артқан.

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева жеке өміріне қатысты пікірлерден шаршағанын айтып, оқырмандарына үндеу жасады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

22 жастағы қазақстандық шахматшы Telegram-арнасында оқырмандарына ашық жазба арнады.

Оның айтуынша, үміткерлер турнирінен кейін жазылушылар саны артқан.

“Оқырман көбейген сайын теріс пікір мен сын да қатар жүреді. Бірақ осы арнада жайлы атмосфера сақтағым келеді. Сондықтан маған бағытталған кез келген жағымсыз пікірді бұғаттаймын”, – деді ол.

Сондай-ақ спортшы өзіне жеке өміріне қатысты ақыл айтпауын сұрады.

“Қалай өмір сүруім керек, кіммен кездесуім немесе кіммен дос болуым қажет екені туралы сұрамаған кеңес бермеңіздер. Егер бір нәрсе көңіліңізден шықпаса, жай ғана қарамай-ақ қойыңыздар”, – деп жазды Бибісара Асаубаева.