Әсем Орынбай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Қазақстан құрамасы стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әсем Орынбай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол әйелдер арасындағы "скит" жаттығуында топ жарды.
Финалда қазақстандық спортшы 33 ұпай жинады. Осы нәтижемен Әсем Орынбай биыл ұлттық құрамадағы әріптесі Адель Садақбаева тіркеген әлем рекордын қайталады.
Қытайлық Итин Цзян 30 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал Италия өкілі Мартина Бартоломей 27 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Алматыдағы Әлем кубогы кезеңі 4 мамырда басталды. Жарыс Александр Асанов атындағы ату клубында өтіп жатыр және 11 мамырға дейін жалғасады.