Қарсыласы – венесуэлалық Йонни Молина.
Спорт журналисі Аслан Қаженов қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың алдағы жекпе-жегі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның жазуынша, отандық былғары қолғап шебері кәсіби бокстағы келесі кездесуін 9 мамыр күні Черногорияның Никшич қаласында өткізеді. Қарсыласы – венесуэлалық Йонни Молина.
BoxRec.com дерегіне сүйенсек, 48 жастағы қарсыластың еншісінде 15 жеңіс, 15 жеңіліс және бір тең нәтиже бар. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек аса ауыр салмақ дәрежесінде өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қоңқабаев 24 мамырда Англияның Болтон қаласында шаршы алаңға шығуы тиіс болған. Алайда кейін оның жоспары өзгерген. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың наурыз айында Алматыда өткізіп, өзбекстандық Фаррух Джураевты техникалық нокаутпен жеңген еді.