Аустриялық спортшы екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 56-ракеткасы, аустриялық, бұрынғы ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты.
Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Потапова сәтті ойнады – 7:6 (10:8).
Аустриялық спортшы екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.
Бір сағат 56 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 6 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаланды. Потапова 2 эйс, 4 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.
А.Потапова жартылай финалға шығу үшін кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазіргі кезде 197-орында тұрған чехиялық Каролина Плишковамен таласады. Ол төртінші айналымда әлемнің 88-ракеткасы, аргентиналық Солана Сьеррадан айласын асырды – 6:4, 6:3.
Е.Рыбакина Мадридте 92 470 еуро табыс тауып, 120 рейтингілік ұпайға қол жеткізді.