$ 471.46  555.38  6.18

«Реванштан қашып жүр»: Еркебұлан Тоқтар күтпеген жоспарын жария етті

Қазір біреулер мен Марсельмен реванштан қашып жүр деген жалған ақпарат таратып жатыр.

Фото: Қазспорт
Фото: Қазспорт

Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар қырғызстандық Марсель Нұрланбекұлымен реванштан бас тартты деген ақпаратты жоққа шығарып, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Файтердің айтуынша, желіде тараған бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

«Қазір біреулер мен Марсельмен реванштан қашып жүр деген жалған ақпарат таратып жатыр. Бұған сенбеңіздер. Маған реванш туралы ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Марсель қазір сол жекпе-жектің әсерінен әлі де эйфорияда жүр. Уақыт өте келе, үш ай, жарты жыл, бір жыл өткен соң басылады. Сол кезде оған да үлкен айқас қажет болады, сонда өзі-ақ келеді. Ал «Тоқтар реванштан қашып жүр» деген әңгімелер - негізсіз. Мұндай жазбаларды көрсеңіздер, шындық емес екенін біліңіздер. Мен өз аузыммен айтпайынша, сенбеңіздер. Қалай мен қашамын? Керісінше, реванш маған керек. Мүмкін, керісінше, Марсель өзі «жеңдім» деп, реванштан жалтарып жүрген шығар», – деді ол.

Сондай-ақ Тоқтар реванштың уақыты әлі алда екенін атап өтті.

«Реванштың да өз уақыты келеді. Кезінде мен Одилханнан жеңілген едім, бір жарым жылдан кейін ол өзі реванш сұрап келді. Жеңістен кейін біраз уақыт елдің назарында жүресің, бірақ кейін қызығушылық бәсеңдейді. Кез келген спортшы үшін үнемі алдыңғы қатарда болу оңай емес. Сол кезде реваншқа қажеттілік туады. Мұндай сәт міндетті түрде болады - ол жекпе-жек ММА, бокс немесе жалаң жұдырық форматында өтсе де. Бұдан бөлек, алда Шовхалмен болуы мүмкін айқас сияқты көптеген тартысты жекпе-жектер бар. Көрерменді «кім жеңеді?», «не болады?» деп елеңдететін айқастар әлі алда. Ең қызығы енді басталады», – деді Еркебұлан Тоқтар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0