Жалпы 14 тур жоспарланған.
Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан Үміткерлер турнирі – 2026 шахмат жарысының тоғызыншы турының қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тоғыз турдың нәтижесі бойынша қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 4 ұпай жинап, ресейлік Александра Горячкинамен бірге жетінші орынды бөлісіп тұр. Турнир кестесінің соңғы, сегізінші сатысында қытайлық Тан Чжунъи орналасқан.
Тоғызыншы турда блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Александра Горячкинамен тең түсіп, екі спортшы да 0,5 ұпайдан еншіледі.
Айта кетейік, алтыншы турдан кейін қазақстандық шахматшы турнир кестесінің соңғы орнында болған. Алайда үндістандық Вайшали Рамешбабу және Александра Горячкинамен өткен тең ойындар оның турнирлік жағдайын жақсартып, бір саты жоғары көтерілуіне мүмкіндік берді.
Үміткерлер турнирі – 2026 жарысы 28 наурыз бен 16 сәуір аралығында өтеді. Жалпы 14 тур жоспарланған.
Жарыс жеңімпазы қазіргі әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен әлем чемпионы атағы үшін матч өткізу құқығына ие болады.