$ 475.09  551.06  5.87

Тарихи жүлде: Қазақстандық семсерлесуші әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Фото:FIE/Нұрмұхамед Жайлыбай
Фото:FIE/Нұрмұхамед Жайлыбай

Бразилияда жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық семсерлесуші тарихи жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Еліміздің атынан сынға түскен Нұрмұхаммед Жайлыбай жекелей сында жартылай финалға жолдама алған еді.

Ол жартылай финалда түрік елінің өкілі Яман Фуркамен өзара мықтыны анықтады. Алайда Нұрмұхаммед тартысқа толы бәсекеде 13:15 есебімен  қарсыласына жол берді. Дегенмен жерлесіміз әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.
Жарыстан кейін Нұрмұхаммед Жайлыбай қолдау көрсеткен барлық жанкүйерге алғысын білдірді.

"Мен әлі күнге дейін жүлдеге қол жеткізгеніме сене алмай тұрмын. Бұл өте керемет сезім. Мен үшін ең қиын шайқас жартылай финал болды. Себебі қатты қысыммен қатар маған сенім артып отырған жандапдың үкілеген үмітін абыроймен алып шығу керек болды. Мен бұл жетістігіме өте қуаныштымын. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға рақмет!", – деді Нұрмұхаммед Жайлыбай.

Айта кетейік, бұл еліміз үшін тарихи жүлде. Себебі семсерлесуден жастар мен жасөспірімдер арасындағы дүбірлі дода қазақ спортшысы алғаш рет жүлдеге ілініп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0