$ 482.49  556.75  5.79

«Ол да баларына керек емес!»: Шавкат Рахмоновтың әйелі ажырасқандарын айтты (ВИДЕО)

Оның айтуынша, ол белгілі спортшымен ресми түрде ажырасқан.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстандық танымал файтер Шавкат Рахмоновтың жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті таңғалдырған мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, ол белгілі спортшымен ресми түрде ажырасқан.

“Балалар ажырасқаннан кейін анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты… Соншалықты қамқор әкенің бір күннің ішінде өзгеріп балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаған едім. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім және бесіншісін күтіп отырмын. Қызығы мен өте көп туады екенмін. Не деймін? Әкесіне баласы керек болмаса балаға да әкесі енді керек емес! Маған Алла балаларымды аяққа тұрғызу үшін күш-қуат берсін”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ, Гүлайым Рахмонованың өткен жылы адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысы бар болғаны да қоғамда кең талқыланған еді. Сот процесі кезінде оның бесінші сәбиін күтіп жүргені белгілі болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3