$ 482.49  556.75  5.79

Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырған өзбекстандық түрмеге түсті

Спортшы жолға таласып қалып, досы екеуі екі ер адамды соққыға жыққан.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Өзбекстандық ММА жауынгері Шахзод Узоков ( «Голд» лақап атымен танымал) сот үкімімен бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Узоков былтыр қараша айында көшеде болған төбелеске байланысты қамауға алынды. Спортшы жолға таласып қалып, досы екеуі екі ер адамды соққыға жыққан.

Сот алдымен оны төрт жылға үйқамаққа жіберген еді. Алайда Узоков ереже бұзған соң, спортшыны үш жылға түрмеге жабу туралы шешім шықты.

Файтер қазақстандық жанкүйерлерге 2025 жылдың соңында кеңінен таныла бастаған еді. Сол кезде ол көпшілік алдында боксшы әрі актер Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырған. Қос спортшың текетіресі Ташкенттегі турнирде көз арбасудан басталып, кейін ресми айқас өткізу туралы келісімге ұласқан болатын.

Дегенмен Узоковтың спортта жолы болмай тұр. Ақпан айының басында Ташкентте өткен Oktagon 84 турнирінде әзербайжандық Мухаммадали Нурусовтан жекпе-жектің бірінші раундында техникалық нокаутпен жеңілді.

Ал Еркебұлан Тоқтар 28 наурыз күні Ереванда өтетін Hype Asia турнирі аясында кезекті айқасына шығады. Оның қарсыласы – жеңіліп көрмеген қырғызстандық файтер Марсель. Айқас жеңіл салмақта өтеді, бірақ спортшылар ММА қолғаптарымен бокстасады.

Қазақстандық спортшы кейінгі жекпе-жегін 28 желтоқсанда Ташкенттегі «Хумо Аренада» өткізіп, өзбекстандық Тимур Никулинді мерзімінен бұрын жеңген еді. Айқас бірінші раундтың небәрі 72-секундында техникалық нокаутпен аяқталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0