$ 486.2  557.82  6

Сәкен Бибосыновқа қатысты қуанышты ақпар шықты

Ол мансабындағы алғашқы титулға таласады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлемнің екі дүркін чемпионы әрі Токио Олимпиадасының жүлдегері бұл жолы индонезиялық Сурия Дхармамен қолғап түйістіреді. Қарсыласының рекорды - 4 жеңіс (3 нокаут).

Бұл жекпе-жекте боксшылар WBA Asia белбеуі үшін таласады. Кездесу 17 сәуір күні Қырғызстан астанасы Бішкекте өтеді.

«Титулдық жекпе-жекке дайынмын. Бұл мен үшін он раундқа жоспарланған алғашқы айқас болады. Қарсыласым өте мықты», - деді Бибосынов.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін 2025 жылдың 20 шілдесінде Бішкекте өткізген. Ол кезде филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберіп, сенімді түрде жеңіске жеткен еді.

 Екінші жекпе-жегі де Бішкекте өтті. Жергілікті боксшы Адилет Качкынбековке қарсы айқас толық қашықтыққа созылып, қазақстандық спортшы төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0