13.03.2026, 23:30

«Алтын жүлдеңмен құттықтаймын!»: Шайдоров Паралимпиада чемпионын қазақ тілінде құттықтады (ФОТО)

Коллаж: sn.kz

Михаил өзінің инстаграм парақшасында құттықтап, лебізін білдірді.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Паралимпиада ойындарында топ жарған, Ербол Хамитовті құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Михаил өзінің инстаграм парақшасында құттықтап, лебізін білдірді.

“Ербол алтын жүлдеңмен құттықтаймын!”, – Михаил Шайдоров.

Айта кетейік, Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан паралимпиада ойындарында биатлон спортынан топ жарып, Қазақстанға тарихи жүлде сыйлады.

Осылайша ол Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында алтын медаль алған алғашқы спортшы атанды.