15.09.2026, 12:00

«Қатты жүдеп кетіпті»: Әзілкеш Уәлибек Әбдірайымовтың видеосы жұртты алаңдатты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

«Ағамыз шөгіп, қартайып кетіпті». 

Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Уәлибек Әбдірайымовтың видеосы таралып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі ауласындағы тас төсеніштерді тазалайтын компанияның қызметін жарнамалаған. Алайда желі қолданушылары жарнамадан гөрі әзілкештің сырт келбетіне көбірек мән берген.

Көпшілік оның бұрынғыға қарағанда қатты жүдеп кеткенін айтып, денсаулығына алаңдаушылық білдірді. Кейбір оқырмандар оның дауысы да өзгергенін байқаған.

«Уәлибек ағада диабет бар сияқты», «Қатты азып кетіпті», «Ағамыз шөгіп, қартайып кетіпті», «Жүдеп кетіпті, тіпті дауысы да басқаша болып кеткен», «Аман жүрсінші», «Тезірек сауығып кетіңіз» деген пікірлер жазды желі қолданушылары.

Әзірге Уәлибек Әбдірайымовтың денсаулығына қатысты қандай да бір ресми ақпарат жоқ.