$ 491.59  572.16  6.24

«Түнгі клубта атып кеткен»: Паралимпиадашы Ербол Хамитов туралы тың дерек шықты

Аяғының жоқтығы ерік-жігеріне кедергі келтірген жоқ.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Танымал спорт журналисі Ақырыс Сейітқазы күні кеше паралимпиадада қола жүлде алған Ербол Хамитов туралы тың дерекпен бөлісті. Бұл туралы журналист өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Тағдырлы спортшының тұңғыш медалі! Ербол Хамитов паралимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды. Ол өзі тағдырлы спортшы. Ережесіз жекпе-жек түрлерімен айналысқан. 19 жасында түнгі клубтағы атыс кезінде жараланып, дәрігерлер спортшының аяғын кесуге мәжбүр болды. Ең бастысы — Ербол берілмеді.

Аяғының жоқтығы ерік-жігеріне кедергі келтірген жоқ. ММА, грепплингпен шұғылданып, кейін пара шаңғы спортына бет бұрды. Бүгін пара шаңғыдан Паралимпиаданың қола медалін алып отыр. Ал бұл спортшының пара биатлоннан әлем кубоктарында алған жүлделері де көп. Ерік-жігері мұқалмаған Ерболдың жеңісі барша қазақ еліне құтты болсын!», — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1