$ 493.85  571.78  6.25

IBF рейтингінде екі қазақстандық боксшы үздіктер қатарында тұр

BF Қазақстанның екі боксшысын тізімге енгізді.

Фото: Қазспорт
Фото: Қазспорт

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) ақпан айындағы үздік кәсіпқой боксшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

BF Қазақстанның екі боксшысын тізімге енгізді. Кіші жеңіл салмақта қазақстандық Сұлтан Заурбек ресми түрде үшінші орынға жайғасқан, алайда оның алдындағы бірінші және екінші орындар бос болғандықтан, іс жүзінде ол бірінші орында тұр. 

Бұл салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы – мексикалық Эмануэль Наваррете. 

Орта салмақта қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болып тіркелген. Бұл рейтинг допингке қатысты тергеу нәтижесінде IBF оның титулынан айыру туралы шешім қабылдамағанын көрсетеді. Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан бұған дейін IBF спортшыға қатысты шешімді наурыз айының басында қабылдайды деп хабарлаған болатын. Алайда, қазіргі уақытта IBF тек рейтингіні жаңартумен шектеліп, нақты мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, Әлімханұлы қазіргі уақытта әлем чемпионы атағын иеленетін тағы бір ұйым WBO нұсқасы бойынша дисквалификацияланған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0