$ 502.6  589.95  6.5

Танымал боксшы Александр Усикке қатысты күтпеген хабар тарады

Александр Усик қазіргі таңда ауыр салмақтағы ең беделді нұсқалар бойынша чемпиондық белбеулерді иеленген.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта WBC, WBA, IBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Александр Усик болашақта Украина президенттігіне үміткер болу ниеті бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Боксшының айтуынша, ол спорттық мансабын тағы бірнеше жыл жалғастыруды көздейді. Содан кейін саясатқа бет бұруды жоспарында бар көрінеді.

«Болашақ жоспарларың қандай? Спорттық мансабың туралы айтсаңыз» деген сауалға Усик алда кәсіпқой бокста қанша уақыт жүретінін айтты.

«Мен тағы екі жылдай бокспен айналысамын. Ал одан кейін мемлекетке қызмет ету жоспарда бар. Мен президенттен төмен қызметке бармаймын. Губернатор болу ойымда жоқ», — деді Усик «Политика Страны» телеграм-арнасына берген видеосұхбатында.

Айта кетейік, Александр Усик қазіргі таңда ауыр салмақтағы ең беделді нұсқалар бойынша чемпиондық белбеулерді иеленген. Сонымен бірге, кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтаған соң қоғамдық-саяси қызметпен айналысуды көздейтінін ашық атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0