$ 501.75  591.96  6.52

Михаил Шайдоровқа Астанадан тағы бір пәтер сыйға берілді (ВИДЕО)

«Лайықты сый».

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

ULYTAU Group компаниясы мәнерлеп сырғанаудан Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоровқа елордадан екінші пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Компанияның баспасөз қызметі пәтер кілтін беру сәтінен түсірілген видеоны әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялаған. Бейнежазба сипаттамасында: «Көптен күткен қуанышты күн — Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа баспана кілтін табыстап, құрмет көрсету сәті», — деп жазылған.

Желі қолданушылары спортшыға жасалған бұл сыйлықты әділ әрі лайықты марапат деп бағалады. Пікір қалдырған көпшілік: «Лайықты сый», «Миша үшін қатты қуаныштымыз! Саған тек сәттілік тілейміз», «Өте шынайы жан, өмірің табысқа толы болсын», «Құттықтаймыз! Компанияға алғысымыз шексіз», «Қандай әсерлі күн», «Құтты қоныс болсын!» — деген жылы лебіздерін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0