$ 496.85  585.54  6.49

«Странджа» кубогы: Қос қазақ боксшысы ешкім күтпеген әрекетке барған

Бұл турнирге Қазақстан құрамасы сапынан 39 спортшы қатысуда: олардың 19-ы ерлер, 20-сы әйелдер құрамасында.

Фото: 1bol.kz, әлеуметтік желі
Фото: 1bol.kz, әлеуметтік желі

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан 77-ші халықаралық «Странджа» турнирінде қазақстандық боксшылар Нұрлан және Даниял Сапарбай (+90 кг) өзара жекпе-жек өткізуден бас тартты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Даниял Сапарбай шаршы алаңға шығудан бас тартқан. Соның нәтижесінде Нұрлан Сапарбай автоматты түрде жарыстың ширек финалына жолдама алды. Ал Даниял турнирдегі өнерін аяқтады.

Ағайынды екі жігіт бұған дейін ел ішіндегі жарыстарда да бір-бірімен бокстасудан бас тартқан.

Айта кетейік, «Странджа» кубогы әуесқой бокс әлеміндегі ең беделді додалардың бірі саналады және оны бейресми түрде «кіші әлем чемпионаты» деп атайды. Биылғы жарыс 1 наурыз күні аяқталады.

Бұл турнирге Қазақстан құрамасы сапынан 39 спортшы қатысуда: олардың 19-ы ерлер, 20-сы әйелдер құрамасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0