$ 497.33  586.7  6.48

«Чемпион елге оралды»: Михаил Шайдоровты жұртшылық әуежайдан күтіп алды (ВИДЕО)

Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтерге сертификат табысталды. 

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Әлемдік додада көк туымызды желбіреткен отандасымыз Михаил Шайдоров пен аталымыш спорттық бәсекеде жоғары нәтиже көрсеткен Софья Самоделкина Қазақстанға келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы kazinform-ға сілтеме жасап.

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты әуежайда қолына гүл ұстаған жанкүйерлері, туған-туыстары мен жақындары ерекше құрметпен қарсы алды. Әуежай іші қуаныш пен мақтанышқа толы болды.

Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтерге сертификат табысталды.

Сертификаттар сондай-ақ мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға, Михаилдің жеке бапкері Алексей Урмановқа және ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Қасановаға берілді.

Өз кезегінде Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Олимпиада чемпионына ризашылығын білдіріп, ел мерейін асқақтатқан спортшыға құрмет көрсету керек екенін атап өтті. 

– Біздің елімізде де мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы бар. Осындай чемпионымызбен мақтанамыз, - деді Головкин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0