$ 494.66  581.87  6.43

Дастан Сәтпаевтың жаңа маусымда қандай нөмірмен ойнайтыны белгілі болды

2025 жылғы маусым Дастан үшін ерекше есте қалды. 

Фото: ФК "Қайрат"
Фото: ФК "Қайрат"

«Қайрат» клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2026 жылғы маусымға арналған ойын нөмірін таңдады. Енді 17 жастағы футболшы алматылық команда сапында 10-нөмірмен алаңға шығады. Бұған дейін ол өткен чемпионатта 9-нөмірмен өнер көрсеткен, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Сәтпаев — өз буынындағы ең перспективалы қазақстандық ойыншылардың бірі. Ол «Қайрат» академиясының түлегі ретінде біртіндеп негізгі құрамға жол тартып, кәсіби футболдағы алғашқы ойынын 16 жасында өткізген. Шабуылшының басты артықшылықтары — жоғары жылдамдық, алаңдағы белсенді қимыл және шабуылды нәтижелі аяқтай білуі.

2025 жылғы маусым Дастан үшін ерекше есте қалды. Ол «Қайратпен» бірге Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанып, клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына үлес қосты.

Сол маусымда Сәтпаев 26 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Бұл көрсеткіштер оны команданың негізгі ойыншыларының біріне айналдырып, лигадағы ең нәтижелі жас футболшылардың қатарына қосты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0