$ 494.66  581.87  6.43

Нариман Құрбанов Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті.

Фото: Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті
Фото: Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі Нариман Құрбанов Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті.

Құрбанов осы бағдарламаның ақтық сынында 14,933 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.

Бірінші орынды 15,000 ұпаймен италиялық Габриэле Таргетта иеленді. Екінші орын армениялық Мамикон Хачатрянға бұйырды – 14,966 ұпай.

Қазақстандық Зейнолла Ыдырысов финалда 14,833 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0