$ 489.99  580.25  6.38

Шайдоровтың бапкері шәкіртінің жеңісіне пікір білдірді

"Бапкер ештеңе істей алмайды — тек іштей қолдап, жанкүйер болып тұрады". 

Фото: urmanovteam/instagram
Фото: urmanovteam/instagram

1994 жылғы Олимпиада чемпионы, танымал бапкер Алексей Урманов шәкірті Михаил Шайдоровтың 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен додада Шайдоров қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанды.

Бапкердің айтуынша, спортшы ретінде жарысқа қатысқан кездегі сезім мен жаттықтырушы ретіндегі толқынысты салыстыру мүмкін емес. Оның сөзінше, бапкер үшін жарысты сырттай бақылау әлдеқайда қиын.

«Эмоция мүлде басқа болады. Спортшы мұз айдынына өзі шығып, бар жауапкершілікті мойнына алады. Ал бапкер ештеңе істей алмайды — тек іштей қолдап, жанкүйер болып тұрады. Сол сәтте барлық эмоцияңды тежеп, шәкіртіңнің сәтті өнер көрсетуін ғана тілейсің», – деді Урманов Okko Sport арнасына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0