Сонымен қатар, Алтынбек Қоразбаев Отан» ордені – тек өзіне емес, бүкіл қазақ өнеріне берілген марапат екенін атап өтті.
Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев «Отан» орденімен марапатталды. Көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, композитор, «МузАрт» тобының елімізде және шет елде танылуы жолында ерекше рөл атқарған Алтынбек Қоразбаев салтанатты рәсімнен соң «Ақорда» бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Халық әртісі сұхбатты ерекше қалжыңмен бастады.
«Немереме келін іздеп жүр едім», - дейді Қоразбаев әзілдей отырып.
Сонымен қатар, Алтынбек Қоразбаев Отан» ордені – тек өзіне емес, бүкіл қазақ өнеріне берілген марапат екенін атап өтті.
«Бұл марапат тек маған ғана емес, бүкіл Қазақстандағы өнер азаматтарына берілген марапат деп сенемін. Ұлы композитор, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиев, композитор Шәмші Қалдаяқов пен Ескендір Хасанғалиев ағаларымды еске аламын. Өзімнен кейінгі әріптестеріме, інілеріме айтарым бар. Елді сүйіңдер, халықты сүйіңдер. Қазақ елі туралы, туған жер туралы мәңгі жасайтын, мағынасы терең әндер жазыңдар!», - деді композитор.