08.02.2026, 17:30

UFC: Қазақстандық файтер қарсыласын алғашқы раундта нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Фото: Mike Roach/Zuffa LLC

36 жастағы отандасымыз айқасты 1 минут 42 секундта аяқтады.

Қазақстандық файтер Николай Веретенников UFC-дегі кезекті жекпе-жегінде америкалық Нико Прайсты бірінші раундта нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

36 жастағы отандасымыз айқасты 1 минут 42 секундта аяқтады.

Веретенников UFC-де алғаш рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл нәтижеден кейін оның үздік лигадағы рекорды - 2-3. Ал ММА-дегі көрсеткіші - 14-7 болды. Нико Прайс қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты (UFC-дегі есебі - 8-10, ММА-дегі рекорды - 16-10).

Айта кетерлігі, Николай бұл жекпе-жекке небәрі үш апта қалғанда шақырту алған. Соған қарамастан сенімді түрде жеңіске жетіп, UFC-ден тағы төрт айқасқа келісімшарт ұсынылды. Бұған дейінгі келісімі үш жеңіліспен аяқталған еді.

Бастапқыда UFC Vegas 113 турнирінің кардында бразилиялық Жозе Энрике Соуза мен америкалық Эрик Ноланның жекпе-жегі өтуі керек еді. Алайда Веретенников Ноланның орнына шықса, кейін Соузаның орнын Нико Прайс басты.