02.02.2026, 17:20

Қақпашы Темірлан Анарбеков грант иегері атанды

Instagram/anarbekov_temirlan77

Ол енді Қазақ спорт және туризм академиясының білім алады.

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке, жартылай қорғаушы Олжас Байбекке және шабуылшы Мансұр Бірқұрмановқа ректор грантын табыстады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Академияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Закирьянов оларға зор сенім білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы команданың қақпашысы Шерхан Қалмұрзаны ақылы бөлімнен грантқа ауыстырған болатын.