Халықаралық World Boxing федерациясының Атқарушы кеңесі ұйымға мүше болуға өтінім берген Бенин, Мали, Молдова және Сент-Люсия ұлттық федерацияларының өтінішін мақұлдады.
World Boxing құрамындағы мүшелердің жалпы саны 159-ға жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Халықаралық World Boxing федерациясының Атқарушы кеңесі ұйымға мүше болуға өтінім берген Бенин, Мали, Молдова және Сент-Люсия ұлттық федерацияларының өтінішін мақұлдады.
World Boxing құрамындағы мүшелердің жалпы саны 159-ға жетті. Ұйымға қазіргі таңда 124 толыққанды немесе қауымдастырылған мүше, сондай-ақ 35 мақұлданған мүше кіреді.
Еске салайық, World Boxing ұйымы 2023 жылдың сәуірінде боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу мақсатында құрылған болатын. Ал 2025 жылдың ақпанында федерация Халықаралық Олимпиада комитетінен (ХОК) алдын ала мойындауға ие болды.
2025 жылдың қарашасында World Boxing президенті болып қазақ боксының аңызы, Олимпиада чемпионы әрі әлем чемпионы Геннадий Головкин сайланған еді.