Енді ширек финал жолдамасы үшін Путинцева АҚШ өкілі Ива Йович (27) пен Италияның сегізінші ракеткасы Жасмин Паолини арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирінде нағыз триллер ұйымдастырып, мансабындағы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Әлемдік рейтингте 94-орында тұрған Қазақстанның екінші ракеткасы үшінші айналымда Түркия өкілі Зейнеп Сенмез (WTA –112) қарсы ойнады. Кездесу аса тартысты өтті.
Алғашқы сетте Путинцева сенімді ойнап, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Алайда екінші партияда қарсыласына тай-брейкте (6:7, 3:7) жол берді. Шешуші үшінші сетте қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға шыққанымен, Сенмез есепті теңестіре алды. Соған қарамастан, Юлия ойын тағдырын өз қолына алып, матчты 6:3 есебімен аяқтады.
Осылайша, матч 2 сағат 36 минутқа созылып, Australian Open турнирінің 1/8 финалына жолдама Юлия Путинцеваға бұйырды. Бұл – оның Australian Open жарысындағы мансабындағы ең үздік нәтижесі. Бұған дейін ол үшінші айналымнан әрі аса алмаған.
Енді ширек финал жолдамасы үшін Путинцева АҚШ өкілі Ива Йович (27) пен Италияның сегізінші ракеткасы Жасмин Паолини арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Australian Open-2026 турнирі 31 қаңтарға дейін жалғасады. Әйелдер арасындағы жекелей сында жеңіске жеткен спортшы 2 793 365 АҚШ доллары көлемінде жүлде мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.