$ 505.71  591.43  6.65

«Командасының әлсіздігі»: Белгілі бапкер Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына ілігу себебін айтты

Бұл жай ғана жекпе-жек емес, үлкен жауапкершілік!

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың 6 желтоқсанында АҚШ-та WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру үшін жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда VADA жүргізген допинг-сынамада мельдоний анықталып, айқас кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділовтың айтуынша, мұндай маңызды жекпе-жек қарсаңында Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына ілігуі – оның командасының әлсіздігін көрсетеді.

"Үш бірдей чемпиондық белбеуді қорғауға арналған аса маңызды жекпе-жек алдында допинг дауына іліну команда жұмысының әлсіздігін білдіреді. Мұндай деңгейдегі кездесуде әрбір ұсақ-түйекке дейін назар аудару қажет. Себебі бұл жай ғана жекпе-жек емес, үлкен жауапкершілік", – дейді бапкер.

Тұрсынғали Еділов Жәнібек Әлімханұлын өте мықты боксшы деп бағалап, оны Геннадий Головкиннің жолын жалғап келе жатқан талант иесі ретінде атап өтті. Дегенмен, оның командасы халықаралық деңгейге сай болуы тиіс екенін айтады.

"Команда мүшелері ағылшын тілін білуі, еркін сөйлей алуы керек. Тек “Qazaq style”-мен шектеліп қалу қате. Шетелде Жәнібектің жанкүйерлері аз емес, солармен ашық сөйлесіп, сұхбат бергені маңызды. Барлық мәселені алдын ала шешу боксшының командасы, промоутерлері мен менеджерлерінің тікелей міндеті", – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3