Алғашқы минутта “Қайрат” қарсыластың қақпасын қауіпті соққылар ұйымдастырғанымен есеп аша алмады.
Алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасының үйдегі соңғы ойынында “Брюггені” қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алғашқы минутта “Қайрат” қарсыластың қақпасын қауіпті соққылар ұйымдастырғанымен есеп аша алмады.
Ал 32-минутта “Интер” академиясының түлегі Станкович “Қайрат” қорғанысын бұзып өтіп, алғашқы голды соқты.
Артынша 38-минутта Ванакен алматылық клубтың қақпасына гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші таймның 74-минутта “Брюгге” кезекті мәрте гол соғып, айқын басымдық танытты.
Осылайша “Қайрат” өз алаңында бельгиялық командаға 4:1 есебімен есе жіберді.