$ 505.53  593.44  6.34

Еліміздің үздік 10 боксшысы анықталды

Қазақстандық үздік үш боксшылардың қатарына сондай-ақ Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 KO) енді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Boxrec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік боксшылардың рейтингін жариялады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Рейтингтің бірінші орнын Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) иеленді. Қазіргі таңда ол орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып қала береді. Алайда жуырда ол допинг дауына іліккен. Егер боксшының кінәсі дәлелденсе, оған дисквалификация мен чемпиондық белбеулерінен айырылу қаупі төніп тұр.

Қазақстандық үздік үш боксшылардың қатарына сондай-ақ Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 KO) енді.

Ал үздік ондықтағы өзге спортшылар мыналар:

Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO),

Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO),

Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 KO),

Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO),

Руслан Мәдиев (18-2-1, 6 KO),

Ельшат Нығметолла (21-0-3, 8 KO),

Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары