$ 511  602.72  6.49

UFC Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевты тексерді

Мәліметке сәйкес, Рахмонов үшін бұл – 2025 жылғы төртінші, ал ең жеңіл салмақта өнер көрсететін Алмабаев үшін алтыншы тексеру.

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC ұйымындағы қазақстандық файтерлер Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев жыл ішіндегі кезекті допинг-бақылаудан өтті. Бұл ақпарат UFC спортшыларын допингке тұрақты тексерумен айналысатын UFC Drug Testing Watch парақшасы арқылы жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мәліметке сәйкес, Рахмонов үшін бұл – 2025 жылғы төртінші, ал ең жеңіл салмақта өнер көрсететін Алмабаев үшін алтыншы тексеру.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы кездесуін былтыр желтоқсанда өткізіп, ирландиялық Иэн Гэриді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын. Ал Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін 22 қарашада өткізіп, америкалық Алекс Пересті қылқындыру әдісімен тізе бүктірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары