19.12.2025, 16:00

Әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиға федерация пәтер кілтін табыстады

Фото: Kazwrestling

Чемпионға пәтерді күрес түрлерінен жылдың қорытынды іс-шарасында сыйлады.

Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға еліміздің күрес түрлері федерациясының жаңа басшы Еркін Оқасов пәтер кілтін табыс етті,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Чемпионға пәтерді күрес түрлерінен жылдың қорытынды іс-шарасында сыйлады.

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали Загребте өткен әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған. Ол шешуші сында өзбекстандық Алишер Ғаниевті 9:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Бұл – Қазақстан үшін грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатындағы соңғы 26 жылдағы алғашқы "алтын". Соңғы жеңіс 1999 жылы тіркелген еді, ол кезде жеңімпаз атанған Мхитар Манукян чемпион болған.

Айдос Сұлтанғали бұған дейін екі рет 2018 және 2022 жылдары әлем чемпионатында қола жүлде алған. Ал бұл жеңіс – оның мансабындағы ең ірі айтулы жеңісі болды.