$ 513.45  596.99  6.59

«Мезгілсіз қаза»: «Қайрат» футбол клубы қара жамылды

«Қайрат» ФК марқұмның туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтады

Фото: Қайрат ФК
Фото: Қайрат ФК

«Қайрат» футбол клубы қаралы хабар таратты: 46 жасында Академия басшысы Кирилл Сергеевич Кекер күтпеген жағдайда дүниеден өтті. Бұл жаңалық бүкіл қазақстандық футбол қауымын есеңгіретіп тастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Он жылдан бері клуб жүйесінің ажырамас мүшесіне айналған Кекер «Қайрат» академиясының құрылуына, дамуына, жас ойыншылардың өсіп-жетілуіне өлшеусіз үлес қосты. Ол талапшыл, әділ, шынайы тәлімгер ретінде танылып, әр футболшыға жеке дара көзқарас танытып, қиын кезде демеу бола алатын ерекше ұстаз еді.

Кекер клуб ішінде түрлі лауазым атқарды: 2022–2024 жылдары басты команданы басқарды. Ал 2025 жылдан бастап Академияны жетекшілікке алып, Қазақстан U-19 құрамасымен бірге жаңа буын футболшыларын дайындауды жалғастырып келе жатқан.

Оның жұмысы, көзқарасы, еңбекқорлығы — қазақ футболының тарихында ерекше орын алатын мұра.

«Қайрат» ФК марқұмның туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтады. Оның жарқын бейнесі мен еңбегі жүректерде мәңгі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары