Тек Абиба Әбужақынова ғана қола жүлдеге ілікті.
Абу-Дабиде дзюдодан өтіпі жатқан Гранд Слэм бәсекесінде қазақстандық Есет Қуанов, Абылайхан Жұбаназар мен Есмигүл Құйылова турнир жүлдесінен тыс қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz сілтеме жасап.
73 келіде татамиге шыққан ақтөбелік спортшы алғашқы айналымды бос өткізді. Ал екінші кезеңде ол Бахрейн балуаны Мухамед Алоевты сан соқтырды. Ал ширек финал жолдамасын бразилиялық Даниэль Гаргнинмен сарапқа салған Қуанов үмітті ақтай алмады.
Ал 81 келіде турнирдің басты фаворитіне баланған Абылайхан Жұбаназар алғашқы белдесуінде грузиялық Димитри Гочилаидзеге жол беріп, жарыстан шығып қалды.
Ал әйелдер арасында Есмүгүл Құйылова (63 кг) алғашқы айналымда Израиль балуаны Примо Керемнің осал тұсын таба алмай, бірінші белдесуінде жеңілді.
Кеше жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында Абиба Әбужақынова (48 кг) қола жүлдеге ие болды. Сонымен бірге, ерлер құрамасынан Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан (екеуі де 60 кг), Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев (екеуі де 66 кг) және әйелдер құрамасынан Бақыт Құсақбаева (57 кг) іріктеу бәсекелерінде есе жіберді.