$ 519.98  600.06  6.6

«Сіздің қолдауыңызды әрдайым сезінемін»: Головкин Тоқаевқа алғыс айтты

Сіздің қолдауыңыз бен сеніміңізді әрдайым сезінемін!

Фото: instagram.com/gggboxing
Фото: instagram.com/gggboxing

World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланған Геннадий Головкин мемлекет басшысына алғыс айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Италияның Рим қаласында өткен World Boxing Конгресінде Геннадий Головкин ұйымның президенті болып сайланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі аккуантында даңқты боксшыны құттықтап, бұл Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға екенін айтты.

Бұған жауап ретінде боксшы қазақ тілінде пікір қалдырып, президентке алғысын айтты.

"Құрметті президент, құттықтауыңыз үшін үлкен рахмет! Сіздің қолдауыңыз бен сеніміңізді әрдайым сезінемін", - деп жазды Геннадий Головкин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары