$ 523.58  605.36  6.45

Қазақстан үстел теннисінен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншіледі (ВИДЕО)

Бул туралы ҰОК мәлімдеді. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов командалық сайыста жеңіске жетті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

  • Алан Құрманғалиев/Айдос Кенжіғұлов – Беньямин Фараджи/Сейедмохаммад Мусавитахер 2:1.
  • Кирилл Герасименко – Сейедамирхоссейн Ходаи 3:0.
  • Алан Құрманғалиев – Беньямин Фараджи 3:0.

Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев енді жекелей және жұптық сайыста сынға түседі.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 18 медаль бар: 4 алтын, 6 күміс және 8 қола. Ел жалпыкомандалық есепте алтыншы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары