$ 526.02  607.55  6.5

«Қазақ деп жүрегі соғатын әр азаматқа жеткізейік!»: Журналист Геннадий Головкінді қолдауға шақырды (ФОТО)

Бұның барлығы түпкі нәтижеге міндетті түрде әсер етеді.

Фото: Аслан Қаженов
Фото: Аслан Қаженов

Спорт журналисі Аcлан Қаженов әлеуметтік желіде жазбас жариялап, боксшы Геннадий Головкинді қолдауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Достар, кезекті рет ауызбіршілік танытып, бокстың дамуына үлес қосатын сәт келді. 23-қараша күні World Boxing ұйымының жаңа президенті сайланады. Үміткерлер арасында өзіміздің даңқты боксшымыз Геннадиий Головкин бар. Осы тұрғыда қазірден оны жан-жақты қолдауға шақырамын. Біздің қолдан келетіні @officialworldboxing және @olympics парақшаларына кіріп, соңғы посттарына GGG деген жазуды және еліміздің көк туын толтырып тастайық. «Геннадий Головкин лайықты!» немесе «Геннадий Головкинді қолдаймыз!» деген сияқты пікірлерді жаудырайық. Мейлі қазақ, мейлі орыс, мейлі ағылшын тілінде. Бұның барлығы түпкі нәтижеге міндетті түрде әсер етеді. Қолдан келер қолдауымызды аямайық! Дәл осы хабарламаны максималды таратайық! Чаттарға тастайық! Каналдарда бөлісейік! Қазақ деп жүрегі соғатын әр азаматқа жеткізейік! Генаның жеңісі – қазақ боксының жеңісі! Генаның жеңісі – бәріміздің ортақ жеңісіміз! Сәттілік!", - деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары