Мына жігіттің үйіндегі үлкендер не қарап отыр?
Қазақстандық боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан екінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде боксшының тағы да шаңырақ көтергені туралы фото-видеолар жарияанды. Қалыңдық Айғаным Ержігітова тойдан видеоларын бөліскен.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанған. Париж Олимпидасында 57 келі салмаққа дейінгілер арасында сынға түскен.
Ол былтыр Назым Мырзағалиқызы есімді қызға үйленген. Бір баласы бар.
Көпшілік Махмұдтың бірінші әйелінің аяғы ауыр екенін жарыса жазуда.
"Мына қызда да ес жоқ екен. Екіқабат әйелін туылар баласын тастаған адамға тиіп отырған. Бумеранг бар жаным. Ал мына жігіттің үйіндегі үлкендер не қарап отыр? Ұрпағы дүниеге келгелі отыр? Соны біліп тұрып босанар уақытында той жасау ? Араларында не болсада үлкендер айтпай ма? Или бұларға ойыншық па бір қыздың тағдыры? Сыйластық қайда бұрынғы құда құдағи келіншегіне? Әлде бұларда ондай сана сезім жоқпа?", "Махмұдты бұндай адам деп ойламадым. Өзі үйленгені былтыр қыркүйекте, келіншегі 1 апта бұрын босанған дейді. 2-3 ай бұрын ажырасса да, бұлай тез қыз тауып алып үйлене салу мүмкін емес қой. Былығы көп бала сияқты ғой. Ажыраса салып үйленіп, оның үстіне баласы туылып жатқанда той-тойлатып жүргені масқара, адамдыққа жатпайды. Алып жатқан келіншегі де сәл кешіктірейік, тойды артынан жасайық деп айтпады ма екен. Әйелдің жанын әйел түсінбеуші ме еді? Сыйластық қалмады бұл жігітке ", деп жазды көпшілік.