$ 538.13  624.88  6.64

«Ешкім күтпеген нәтиже»: Қуат Хамитов Дубайда сенсация жасады (ВИДЕО)

Айта кетейік, жекпе-жек алдында сарапшылардың басым бөлігі жеңісті Бойконың еншісіне жазған болатын, сондықтан бұл нәтиже көпшілікті таңғалдырды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (26-8-2) Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен ACA 194 турнирінде өнер көрсетті , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қуат Хамитов жартылай орта салмақта ресейлік спортшы Анатолий Бойкомен (12-4) күш сынасты. Үш раундқа жоспарланған бұл кездесу сенсациялық нәтижемен аяқталды. Қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, жекпе-жек алдында сарапшылардың басым бөлігі жеңісті Бойконың еншісіне жазған болатын, сондықтан бұл нәтиже көпшілікті таңғалдырды.

Осылайша, Қуат Хамитов өзінің кәсіби мансабындағы 27-жеңісін тіркеді. Ал Анатолий Бойко төртінші рет жеңілді.

Сонымен қатар, Хамитовтың соңғы ММА жекпе-жегі 2024 жылдың мамыр айында өткен болатын. Ол кезде қазақстандық спортшы аты аңызға айналған ресейлік файтер Александр Шлеменкомен (68-17-1) кездесіп, төрешілер шешімімен жеңілген еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары